Аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2024 жылдың 31 желтоқсанына түсімдер болжамы 15 434 038,3 мың теңге орнына 15 667 358,1 мың теңгеге атқарылып, 101,5 % құрады.
Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 2 658 145,9 мың теңге болса, нақты атқарылуы 2 891 465,6 мың теңге, яғни 108,8 % құрап, 233 319,7 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті.
Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 2 455 195,9 мың теңге 2 676 055,9 мың теңгеге, немесе 109,0 % орындалып, 220 860,0 мың теңге артық түсті;
Салықтық емес түсімдері жоспары 162 903,7 мың теңге 165 603,8 мың теңгеге, немесе 101,7 пайызға орындалып, 2700,1 мың теңге жоспардан артық түсті.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 40 046 ,3 мың теңге 49 805,9 мың теңгеге, яғни 124,4 % орындалып 9759,6 мың теңге жоспардан артық түсті.
Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 12 775 892,4 мың теңге болса толығымен алынды.
Аудан бойынша 2024 жылдың 31 желтоқсанына жалпы шығындар жоспары 18 533 042,1 мың теңге 18 352 358,8 мың теңгеге (99,0%) атқарылып, 180 683,3 мың теңге қаржы игерілмеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан –8142,5 мың теңге, Жосалы кентіндегі "Тәуелсіздік" ықшам ауданына газ құбыры мен орамішілік газ тарту желілерінің құрылысынан 8013,9 мың теңге үнемделген қаржы және 128,6 мың теңге үнемделген қаржы.
Облыстық бюджеттен -6376,4 мың теңге, " Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберіңде ауылдық елді мекендеріндегі әлеуметтік және инженерлік-инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруда Тұрмағанбет ауылындағы көшелерге орташа жөндеу жұмыстарынан 5522,6 мың теңге үнемделген қаржы, Байқоңыр қаласы №25 бөбекжай-бақшасы ғимаратының жылу қазандығын газ отынына қайта жабдықтау жобасына сметалық құжаттама әзірлеуден 839,5 мың теңге мердігердің жұмыс көлемін толық атқармауынан және 14,3 мың теңге үнемделген қаржы.
Жергілікті бюджеттен -166164,4 мың теңге, о.і. 162707,0 мың теңге ауданның жергілікті атқарушы органының резервінің қаржысы, 1917,1 мың теңге мердігердің жұмыс көлемін толық атқармауынан(Жосалы кентінен 1000,0 мың теңге және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 900,3 мың теңге), Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппаратынан 300,8 мың теңге (су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірлеуінен) және 1239,5 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді.
2024 жылдың 31 желтоқсанына аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:
–Аудандық мәслихат аппараты – 100,0 %;
- Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі –100,0 %;
АХАТ бөлімі –99,9 %;