Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №112 «2024-2026 жылдарға арналған Дауылкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №112 «2024-2026 жылдарға арналған Дауылкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

 «1) кірістер – 460 469,2 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 6 032,3   мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 1 734,7 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

         трансферттер түсімдері – 452 702,2  мың теңге;

         2) шығындар – 460 579,7 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Дата публикации
12 декабря 2024