Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №107 «2024-2026 жылдарға арналған Төретам кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №107 «2024-2026 жылдарға арналған Төретам кентінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 276 080,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 99 290,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 395,5 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 313 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 173 081,3 мың теңге;

2) шығындар – 277 133,5 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
12 декабря 2024