2024 жылғы 8 желтоқсанда №1, №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Қармақшы аудандық мәслихаттарының шығып қалған депуттарының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 4845 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 3268 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 29 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 6.
№1, №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қармақшы аудандық мәслихат депутаттары сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№1 сайлау округі бойынша:
Кандидат Асылов Марат Мұханғалиұлы үшін сайлаушылардың 1104 дауысы берілді;
кандидат Жұмағазықызы Фариза үшін сайлаушылардың 96 дауысы берілді;
кандидат Ұзақов Шохан Әмірханұлы үшін сайлаушылардың 219 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 140;
№4 сайлау округі бойынша:
Кандидат Айдарбек Қуаныш Нұржанұлы үшін сайлаушылардың 1063 дауысы берілді;
кандидат Бүркітбаев Сүндет Бақытбекұлы үшін сайлаушылардың 177 дауысы берілді;
кандидат Транай Елдос Айдосұлы үшін сайлаушылардың 141 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 132;
Сайлау қорытындысымен Қармақшы аудандық мәслихаттың депутаттары болып сайланды:
№1 сайлау округі бойынша – Асылов Марат Мұханғалиұлы, 1972 жылы туған, «Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің «Спорт клубы» КММ директоры, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде тұрады.
№4 сайлау округі бойынша – Айдарбек Қуаныш Нұржанұлы, 1998 жылы туған, «Тұрмағамбет» ЖШС-і директорының орынбасары, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында тұрады.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы