Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №105 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №105 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

  1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 14 675 415,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 075 293,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 159 615,5 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 540,9 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 12 434 965,6 мың теңге;

2) шығындар – 16 781 384,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 363 133 мың теңге;

         бюджеттік кредиттер – 527 956 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 164 823 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 3 964 мың теңге;

         қаржы активтерін сатып алу – 3 964 мың теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 473 066,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 473 066,3 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 2 459 090,2 мың теңге;

         қарыздарды өтеу – 180 348 мың теңге;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 194 324,1 мың теңге»;

         7-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7-1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражаты есебінен Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрған үйді сатып алуға кредит беруге 1 931 134,2 мың теңге қаралғаны ескерілсін».

Көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
20 ноября 2024