2024 жылғы 8 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының №1, №4 сайлау округтерінде болатын Қармақшы аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Қармақшы ауданының №1, №4 округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған барлығы 6 кандидатты тіркеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 6 кандидаттың 2-і саяси партиялар, 4-і өзін-өзі ұсынған. Оның 5-і ер адам, 1-і әйел адам. Кандидаттар арасында этнос өкілдері жоқ.
3 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 3 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 34.
6 кандидаттың жоғары білімі бар.
Кандидаттардың 5-і - мемлекеттік мекемелерде, 1-і - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 7 желтоқсан 00.00 сағатқа дейін созылады.