№4 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттығына Бүркітбаев Сүндет Бақытбекұлын кандидат ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына және Қармақшы ауданының №4 бірмандаттық округтік сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 қарашадағы хаттамалық шешіміне сәйкес, Қармақшы ауданының №4 бірмандаттық округтік сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бүркітбаев Сүндет Бақытбекұлы Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелсін.
  2. Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бүркітбаев Сүндет Бақытбекұлына тиісті куәлігі берілсін.
  3. Бүркітбаев Сүндет Бақытбекұлын Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелгені туралы хабар Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.

 

Қармақшы ауданының №4 окруктік

сайлау комиссиясының төрағасы    

А. Козыбаков

 

Қармақшы ауданының №4 округтік

сайлау комиссиясының хатшысы    

М. Игисинова

 

 

 

 

Жосалы кенті

8 қараша 2024 жыл

№ОСК-24/10

Дата публикации
08 ноября 2024