№1 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттығына Ұзақов Шохан Әмірханұлын кандидат ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына және Қармақшы ауданының №1 бірмандаттық округтік сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 қарашадағы хаттамалық шешіміне сәйкес, Қармақшы ауданының №1 бірмандаттық округтік сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ұзақов Шохан Әмірханұлын Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелсін.
  2. Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ұзақов Шохан Әмірханұлына тиісті куәлігі берілсін.
  3. Ұзақов Шохан Әмірханұлы Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелгені туралы хабар Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.

 

Қармақшы ауданының №1 округтік

сайлау комиссиясының төрағасы    

А. Жалмағанбетов

 

Қармақшы ауданының №1 округтік

сайлау комиссиясының хатшысы    

А. Акпарова

 

 

 

Жосалы кенті

8 қараша 2024 жыл

№ОСК-24/10

Дата публикации
08 ноября 2024