Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 -қосымшаларына сәйкес «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспары» бекітілсін.
  2. Кент және ауылдық округтер бойынша елді мекендер бөлінісінде мал басын орналастыру үшін жайылымдарды бөлу кестесі 16-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
04 ноября 2024