Баспасөз хабары

2024 жылдың 11 қазаны күні сағат 12:00 Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:

  1. «Қазақстан Республикасындаға сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес, №1, №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қармақшы ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау күнін тағайындау туралы;
  2. №1, №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қармақшы ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары туралы.
  3. Қармақшы ауданының аудандық сайлау коммисиясы құрамының барлық мүшелері мен сайлау коммисиясының сарапшы мамандарын 2024 жылдың 11 қазаны мен 8 желтоқсан аралығындағы мерзімге жұмысқа тарту, еңбек келісімшартын жасау туралы;
  4. 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған №1, №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қармақшы ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің демалыс және мереке күндердегі кезекшілік кестесін бекіту туралы;
  5. 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған №1, №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қармақшы ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының сайлауын өткізу кезіндегі полиграфиялық, типографиялық, автокөлік қызметтерін және кеңсе тауарларын сатып алуға кәсіпкерлерді таңдау туралы;

Өтетін орны: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ораз ахун көшесі, №44, тел тел: 8(72437) 2 12 37

Дата публикации
10 октября 2024