№1, №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қармақшы ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

№1, №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қармақшы ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №1, №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қармақшы ауданының шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Қармақшы ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы аудандық «Бәйтерек» газетінде жариялансын және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

 

Д. Ержанов

 

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы

 

Г. Жубаидаев

 

Жосалы кенті

11 қазан 2024 жыл

№АСК-24/133

 

 

Дата публикации
11 октября 2024