Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №110 «2024-2026 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №110 «2024-2026 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 150 950,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 6 005 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 244 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 242 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 144 459,3 мың теңге;

2) шығындар – 151 270,1 мың теңге;

көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
30 сентября 2024