2024 жылдың 15 қыркүйекте өткен Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімін сайлау қорытындыларын анықтау туралы Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 15 қыркүйектегі №118 хаттамалық шешімі негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Д. Ержанов
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Г. Жубаидаев
Жосалы кенті
16 қыркүйек 2024 жыл
№АСК-24/126
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі
№АСК-24/126 қаулысына қосымша
2024 жылғы 15 қыркүйекте өткен Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР
2024 жылғы 15 қыркүйекте Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №112 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Т.Көмекбаев ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне 4 кандидат тіркеліп, бюллетенге енгізілді. Т.Көмекбаев ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 768 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 506 адам немесе 65,89 пайызы алды. Дауыс беруге 497 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 41 сайлаушы дауыс берді. 9 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:
Байғабылов Төрехан Тілеубайұлы үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 181 дауыс, Байғараев Руслан Кәрібайұлы үшін – 3 дауыс, Балтабай Нұрлыбек Балтабайұлы үшін – 1 дауыс, Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы үшін – 311 дауыс, барлығына қарсы – 1 дауыс берілді.
Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы – Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы