2024 жылғы 15 қыркүйекте Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №112 учаскелік сайлау комиссиясының және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Т.Көмекбаев ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 768 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 506 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 41 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 9.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 4 адам тіркеліп, бюллетенге енгізілді.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Байғабылов Төрехан Тілеубайұлы үшін 181 дауыс, кандидат Байғараев Руслан Кәрібайұлы үшін 3 дауыс, кандидат Балтабай Нұрлыбек Балтабайұлы үшін 1 дауыс, кандидат Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы үшін 311 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен 1 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы 1984 жылы туған, ұлты қазақ, уақытша жұмыссыз, Жосалы кентінде тұрады, Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен 2024 жылғы 15 қыркүйекте сайланған Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкіміне Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлын тіркеді.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы