Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты Д.А.Бухановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  заңының 20-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, 4-тармағына және Д.А.Бухановтың 2024 жылғы 29 тамыздағы өтініші сәйкес Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты Дастан Абдибекович Буханов Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға тағайындалуына байланысты Қармақшы ауданы мәслихаты депутатының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
  2. Қармақшы аудандық мәслихатына Д.А.Бухановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
  4. Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

 

 

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы төрағасының

міндетін уақытша атқарушы                                           А. Байсынов

 

         Қармақшы ауданының аумақтық

         сайлау комиссиясы  хатшысының     

         міндетін уақытша атқарушы                                           Н. Мырзабаев

 

Жосалы кенті

29 тамыз 2024 жыл

№АСК-24/116

Дата публикации
29 августа 2024