2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабар

2024  жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Т.Көмекбаев  ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабар

     Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне барлығы 6 кандидат ұсынылған. Ағымдағы жылдың 25 тамыз күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 4 кандидат тіркелді, 2 кандидат ұсыну кезеңінде өз өтініштеріне сәйкес кандидаттығын кері қайтарған. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынғандар.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.

Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды.

Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.

                                             

КАНДИДАТТАР:

 

  1. Байғабылов Төрехан Тілеубайұлы – 1964 жылы туған. Қазақ. Жеке кәсіпкер. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

  1. Байғараев Руслан Кәрібайұлы – 1984 жылы туған. Қазақ. «Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры. Ақтөбе ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

  1. Балтабай Нұрлыбек Балтабайұлы – 1985 жылы туған. Қазақ. «Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

  

  1. Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы – 1984 жылы туған. Қазақ. Уақытша жұмыссыз. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

        

 

Дата публикации
26 августа 2024