Байғараев Руслан Кәрібайұлын №107 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары міндеттерін орындауын тоқтата тұру туралы

Байғараев Руслан Кәрібайұлын №107 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары міндеттерін орындауын тоқтата тұру туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12) тармағының     2-тармақшасына және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының   2024 жылғы 24 тамыздағы Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімін сайлауында Байғараев Руслан Кәрібайұлын кандидат ретінде тіркеу туралы қаулысына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Байғараев Руслан Кәрібайұлы №107 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары міндеттерін орындауын 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтата тұрсын.
  2. Осы қаулы №107 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

 

Д. Ержанов

 

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы

 

Г. Жубаидаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

24 тамыз 2024 жыл

№АСК-24/114

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 августа 2024