2024 жылғы 20 тамызы күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне өзін өзі ұсыну жолымен барлығы 6 кандидат ұсынылды. 1 кандидат өз өтінішіне сәйкес кандидатурасын алып тастады.
Орташа бәсекелестік бір орынға 5 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2024 жылғы 25 тамызы күнгі сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы