«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2 және 113-4-бабтарына және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 20 тамыздағы №105 хаттамалық шешіміне сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидаттар Байғабылов Төрехан Тілеубайұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
- Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
|
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
|
Д. Ержанов
|
|
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы
|
Г. Жубаидаев
|
Жосалы кенті
20 тамыз 2024 жыл
№АСК-24/111