2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 16 тамыздағы №103 хаттамалық шешімін негізге алып, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округтегі сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 8 (төрт) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                              Д. Ержанов

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының  хатшысы                                   Г. Жубаидаев

 

 

 

 

Жосалы кенті

16 тамыз 2024 жыл

№АСК-24/110

Дата публикации
16 августа 2024