«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2 және 113-4-бабтарына және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 16 тамыздағы №101 хаттамалық шешіміне сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидаттар Байғараев Руслан Кәрібайұлы, Балтабай Нұрлыбек Балтабайұлы, Жиенбаев Марат Муратбекович, Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
- Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
|
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
|
Д. Ержанов
|
|
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы
|
Г. Жубаидаев
|
Жосалы кенті
16 тамыз 2024 жыл
№АСК-24/108