Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 07 тамыздағы №АСК-24/102 қаулысымен Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі Т.Көмекбаев ауылдық округі шекарасында құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 07 тамыздағы №АСК-24/103 қаулысымен өкілеттік мерзімі аяқталған Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімін сайлау 2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындалды.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 07 тамыздағы №АСК-24/103 қаулысымен бекітілген Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың 08 тамызында басталады және 2024 жылдың 20 тамызда сағат 18-00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2024 жылдың 08 тамызда басталады және 2024 жылдың 25 тамызда сағат 18-00-де аяқталады.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:
120500, Жосалы кенті, Ораз Ахун көшесі №44, «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, 2 қабат, байланыс телефоны: 8(72437)2-12-37, электронды поштасы tic_kzl_kar@saylau.kz
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
Ержанов Дәурен Дауылбекұлы, комиссия төрағасы, Байсынов Аққозбек Сәдуақасұлы - төраға орынбасары, Жубаидаев Галымжан Амантаевич - комиссия хатшысы, комиссия мүшелері - Омаров Жарқын Тұрмаханұлы, Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлы, Ұзақбаев Ғалымжан Әлімұлы, Абдибекова Индира Жанайдаровна.