Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына, 113–1-бабы 1–тармағының  1) тармақшасына және 2–тармағына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындалсын.
  2. Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.

 

 

 

     Қармақшы ауданының аумақтық

     сайлау комиссиясының төрағасы                              Д. Ержанов

    

     Қармақшы ауданының аумақтық

     сайлау комиссиясының хатшысы                              Г. Жубаидаев

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

07 тамыз 2024 жыл

№АСК-24/103

 

 

Дата публикации
07 августа 2024