2024 жылдың 04 тамызында өткен Қуандария ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

2024 жылдың 04 тамызында өткен Қуандария ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және Қуандария ауылдық округі әкімін сайлау қорытындыларын анықтау туралы Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы            04 тамыздағы №97 хаттамалық шешімі негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қуандария ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы Қуандария ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
  3. 2024 жылғы 04 тамызда өткен Қуандария ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

 

 

 

         Қармақшы ауданының аумақтық

         сайлау комиссиясының төрағасы                                   Д. Ержанов

 

         Қармақшы ауданының аумақтық

         сайлау комиссиясының хатшысы                                   Г. Жубаидаев

 

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

05 тамыз 2024 жыл

№АСК-24/100

 

 

 

Қармақшы  ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының 2024 жылғы 05 тамыздағы

№АСК-24/100 қаулысына қосымша

 

    

2024 жылғы 04 тамызда өткен Қуандария ауылдық округінің

әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

2024 жылғы 04 тамызда Қармақшы ауданы, Қуандария ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қуандария ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №111 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қуандария ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

Қуандария ауылдық округі әкіміне 2 кандидат тіркеліп, бюллетенге енгізілді. Қуандария ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 412 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 303 адам немесе 73,54 пайызы алды. Дауыс беруге 298 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 4 сайлаушы дауыс берді. 5 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Қуандария ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 266 дауыс, Махамбетов Нұрымжан Дүйсембекұлы үшін – 29 дауыс, барлығына қарсы – 3 дауыс берілді.  

Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы – Қармақшы ауданы, Қуандария ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 августа 2024