2024 жылғы 04 тамызда Қармақшы ауданы, Қуандария ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қуандария ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №111 учаскелік сайлау комиссиясының және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Қуандария ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 412 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 303 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 4 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 5.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 2 адам тіркеліп, бюллетенге енгізілді.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы үшін 266 дауыс, кандидат Махамбетов Нұрымжан Дүйсембекұлы үшін 29 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен 3 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы Қармақшы ауданы, Қуандария ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы 1980 жылы туған, ұлты қазақ, Қуандария ауылдық округінің әкімі, Қуандария ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 05 тамыздағы шешімімен 2024 жылғы 04 тамызда сайланған Қуандария ауылдық округінің әкіміне Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлын тіркеді.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы