№111 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауын тоқтата тұру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12) тармағының екінші бөлігіне сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 13 шілдедегі Қуандария ауылдық округі әкімін сайлауында Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы кандидат ретінде тіркеу туралы қаулысына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалгасбаев Алмат Болатович №111 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесі міндеттерін орындауын 2024 жылғы 04 тамызға тағайындалған Қуандария ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтата тұрсын.
  2. Осы қаулы №111 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

 

Д. Ержанов

 

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы

 

Г. Жубаидаев

 

 

  

 

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

13 шілде 2024 жыл

№АСК-24/91

Дата публикации
13 июля 2024