«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9 –тармағына сәйкес Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:

2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған Қуандария ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар болып тіркелді:

1. Ильясов Канат Ибракимович – 1978 жылы туған. Қазақ. Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
2. Махамбетов Нұрымжан Дүйсембекұлы – 1983 жылы туған. Қазақ. Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
3. Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы – 1980 жылы туған. Қазақ. Қуандария ауылдық округінің әкімі. Қуандария ауылында тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі. Өзін-өзі ұсынған.

Дата публикации
13 июля 2024