2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Қуандария ауылдық округінің әкімін сайлауда әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 13 шілдедегі №90 хаттамалық шешіміне сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Ильясов Канат Ибракимович, Махамбетов Нұрымжан Дүйсембекұлы, Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы Қуандария ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелсін. 
2. Ильясов Канат Ибракимович, Махамбетов Нұрымжан Дүйсембекұлы, Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы Қуандария ауылдық округі әкіміне кандидаттар куәлігі берілсін.  
3. Ильясов Канат Ибракимович, Махамбетов Нұрымжан Дүйсембекұлы, Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы Қуандария ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелгені туралы хабар Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.

Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Д. Ержанов

Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы
Г. Жубаидаев

 

 

 


Жосалы кенті
13 шілде 2024 жыл
№АСК-24/90

Дата публикации
13 июля 2024