Қуандария ауылдық округі әкіміне кандидат Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлының сенім білдірілген адамын тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабына сәйкес және Қуандария ауылдық округі әкіміне кандидат А.Б.Аймырзаевтың өтініші негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қуандария ауылдық округі әкіміне кандидат А.Б.Аймырзаевтың сенім білдірілген адамы болып Өмірбаев Маратбек тіркелсін.
  2. Сенім білдірген адамға тиісті куәлік берілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы   Д. Ержанов

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы   Г. Жубаидаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

10 шілде 2024 жыл

№АСК-24/88

Дата публикации
10 июля 2024