2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуандария ауылдық округі әкімін сайлауда кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2 және 113-4-бабтарына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуандария ауылдық округі әкіміне кандидат Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
  2. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуандария ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы              Д. Ержанов

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы             Г. Жубаидаев

 

 

Жосалы кенті

10 шілде 2024 жыл

№АСК-24/84

Дата публикации
10 июля 2024