Бюджеттің атқарылуы бойынша орындалған жұмыстар (2024 жылғы IІ тоқсанның қорытындысы бойынша)

  1. Қармақшы аудандық бюджеттің 2024 жылдың 1 шілдесіне түсімдер болжамы 6039858,8 мың теңге орнына 6288318,6 мың теңгеге атқарылып, 104,1 % құрады. Есепті кезеңге аудандық бюджетінің өз кірістерінің жоспары 1136891,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 1388443,8 мың теңгені, яғни 122,1% құрады, 251552,8 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 1108143,0   мың теңге  1246894,9 мың теңгеге, немесе 112,5% орындалып, 138751,9 мың теңге артық түскен, салықтық емес түсімдері жоспары 26588,0 мың теңге 136192,4 мың теңгеге, немесе 5,1 есе орындалып, 109604,4 мың теңге жоспардан артық түскен, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 2160,0 мың теңге 5356,5 мың теңгеге, яғни 248,0 % орындалды, 3196,5 мың теңгеге жоспар артығымен орындалды. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер  жоспары  4902967,8 мың теңге болса, 4899874,8 мың теңге түсіп 99,9 % алынды.

2023 жылдың 1 шілдесіне    аудандық  бюджетінің шығындар жоспары 5959873,4 мың теңге орнына 5959672,3 мың теңгеге атқарылып, 100,0 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 201,1 мың теңгесі  игерілмеді.

Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары  675416,3 мың теңге болса, игерілуі  675348,4 мың теңге, 100,0 %  құрады,  67,9 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді .

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары  1539015,5 мың теңге болса, игерілуі  1538948,8 мың теңге, 100,0 %  құрады,  66,7 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді .

Жергілікті бюджет қаржысы 66,5 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді.

2024 жылдың 1 шілдесіне    аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

–Аудандық мәслихат аппараты – 100,0 %;

  • Аудан әкімі аппараты – 100,0%;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі –100,0 %;
  • Экономика және қаржы бөлімі – 100,0 %;
  • Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 100,0 %;
  • Ауыл шаруашылығы бөлімі және жер қатынастары бөлімі – 100,0 %;

- Кәсіпкерлік және өнеркәсіп  бөлімі –100,0 %;

  • Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және

АХАТ бөлімі –100,0 %;

  • Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі- 100,0%;
  • Дене тәрбиесі және туризм бөлімі –99,9%;
  • Қоғамдық даму бөлімі – 100,0 %;
  1. Қармақшы ауданы кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің (4-ші деңгейлі) 2024 жылдың 1 шілдесіне  түсімдер болжамы  1748860,4 мың теңге орнына 2096899,3 мың теңгеге атқарылып, 119,9% құрады. Есепті кезеңге кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің өз кірістерінің жоспары                247405,4 мың теңге болса, нақты атқарылуы 254224,3 мың теңгені, яғни 102,8%  орындап, 6818,9  мың теңге жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге салықтық түсімдері жоспары 227899,7 мың теңге орнына 232757,9 мың теңгеге атқарылып, яғни 102,1 % орындалды,  4858,2  мың теңге бюджетке артық түсім түсті, салықтық емес түсімдері жоспары 2450,7  теңге болса, 2220,3 мың теңге орындалып, яғни 230,4 мың тенгеге кем  орындалды,  негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 17055,0 мың теңге 19246,1 мың теңгеге, яғни 3 есе  орындалды,  2191,1 мың теңге жоспардан артық түскен. Аудандық бюджеттен бөлінген трансферттер  жоспары 1387907,0  мың теңге толығымен 100,0 пайыз түсті.

2024 жылдың  1 шілдесіне    кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындар жоспары  1543712,1 мың теңге орнына 1543399,1 мың теңгеге атқарылып, 100,0 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 313,0 мың теңге  қаржының үнемделуінен игерілмеді.

2024 жылдың  1 шілдесіне кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

  • Жосалы кенті әкімінің аппараты –100,0%;
  • Төретам кенті әкімінің аппараты – 100,0%;
  • Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
  • Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
  • ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
  • Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
  • Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
  • Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0 %;
  • Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
  • Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
  • Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0 %;
  • Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,%;
  • Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0 %;
  • Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
  1. 3. Аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2024 жылдың 1 шілдесіне түсімдер болжамы 6 262 008,3 мың теңге орнына 6 517 286,9 мың теңгеге атқарылып, 104,1 % құрады. Есепті кезеңге аудандық бюджетінің өз кірістерінің жоспары 1384296,4 мың теңге болса, нақты атқарылуы 1642668,1 мың теңгені, яғни  118,7 % құрады, 258371,7 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 1336042,7   мың теңге  1479652,8 мың теңгеге, немесе 110,7 % орындалып, 143610,1 мың теңге артық түскен, салықтық емес түсімдері жоспары 29038,7 мың теңге 138412,7 мың теңгеге, немесе 476,6% орындалып, 4,8 есе  жоспардан артық түскен, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 19215,0 мың теңге 24602,6 мың теңгеге, яғни 128,0 % орындалды, 5387,6 мың теңгеге жоспар артығымен орындалды. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер  жоспары  4877711,8 мың теңге болса, 4874618,8 мың теңге түсіп ,   99,9 % алынды.

Аудан бойынша 2024 жылдың  1 шілдесіне    аудан  бюджетінің шығындар жоспары 6115678,5 мың теңге  болса  6115164,4  мың теңгеге атқарылып, 100,0 %  құрап  514,1 мың теңге игерілмеді.

Дата публикации
09 июля 2024