Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты С.С.Әділбековтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  заңының 20-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес С.С.Әділбековтың 2024 жылғы 05 шілдедегі өтініші негіздерінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты Сырым Смаилұлы Әділбеков тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруына байланысты Қармақшы ауданы мәслихаты депутатының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
  2. Қармақшы аудандық мәслихатына С.С.Әділбековтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
  4. Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

  

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы төрағасы                                  Д. Ержанов

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының  хатшысы                        Г. Жубаидаев

 

  

Жосалы кенті

№АСК-24/80

05 шілде 2024 жыл

Дата публикации
05 июля 2024