2024 жылғы 04 тамызға тағайындалған Қармақшы ауданының Қуандария ауылдық округі әкімін сайлауына байланысты учаскелік сайлау комиссиясының мекенжайы мен комиссия құрамы туралы мәлімет беріледі.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы кезектен тыс XІІІ сессиясының №123 шешімімен бекітілген.
№111 учаскелік сайлау комиссиясының мекенжайы: Қуандария ауылы, Бәйтерек көшесi №1, «Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№186 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Телефоны: 8(72437) 4-21-38.
Комиссия құрамы: Байшуақов Нығымедулла Сахиұлы - төраға, Дүйсебаев Абай Ешмаханбетұлы - төраға орынбасары, Шәкей Амантай Мусаұлы -хатшы, комиссия мүшелері: Құндақбаев Ғани Әптайұлы, Ильясов Ұлан Ғасыр Қалданбекұлы, Әбдібаев Берік Қыстаубайұлы, Жалгасбаев Алмат Болатович.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы