Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы №АСК-24/74 қаулысымен Қармақшы ауданының Қуандария ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округтері Қуандария ауылдық округі шекарасында құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына сәйкес және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 2, 3-тармақтарына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы №АСК-24/75 қаулысымен өкілеттік мерзімі аяқталған Қуандария ауылдық округінің әкімін сайлау 2024 жылдың 4 тамызына тағайындалды.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы №АСК-24/75 қаулысымен бекітілген Қуандария ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың 27 маусымында басталады және 2024 жылдың 9 шілдесінде сағат 18-00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2024 жылдың 27 маусымында басталады және 2024 жылдың 14 шілдесінде сағат 18-00-де аяқталады.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:
120500, Жосалы кенті, Ораз Ахун көшесі №44, «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, 2 қабат, байланыс телефоны: 8(72437)2-12-37, электронды поштасы tic_kzl_kar@saylau.kz
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
Ержанов Дәурен Дауылбекұлы, комиссия төрағасы, Байсынов Аққозбек Сәдуақасұлы - төраға орынбасары, Жубаидаев Галымжан Амантаевич - комиссия хатшысы, комиссия мүшелері - Омаров Жарқын Тұрмаханұлы, Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлы, Ұзақбаев Ғалымжан Әлімұлы, Абдибекова Индира Жанайдаровна.