Қармақшы ауданының Қуандария ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына, 113–1-бабы 1–тармағының  1) тармақшасына және 2, 3 –тармақтарына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданының Қуандария ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 04 тамызына тағайындалсын.
  2. Қармақшы ауданының Қуандария ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын. 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                              Д. Ержанов

    

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                              Г. Жубаидаев

Дата публикации
26 июня 2024