Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 13 539 735,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 025 747 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 41 048 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 200 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 11 467 740,1 мың теңге;
2) шығындар – 15 07 765,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 363 133 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 527 956 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 164 823 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 3 964 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 3 964 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 904 127,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 904 127,1 мың теңге;
қарыздар түсімі – 1 890 151 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 180 348 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 194 324,1 мың теңге»;
келесі мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
«7-1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражаты есебінен Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрған үйді сатып алуға кредит беруге 1 362 195 мың теңге қаралғаны ескерілсін».
Көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.