2024 жылғы 19 мамырында өткен Қармақшы ауданы Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімін сайлауының қорытындысы бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы

2024 жылғы 19 мамырында өткен Қармақшы ауданы Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімін сайлауының қорытындысы бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы

               

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113 – 5 бабының 2 – тармағына сәйкес және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 19 мамырдағы Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы хаттамасының негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімін сайлаудың қорытындысы бойынша әкім болып сайланған кандидаттарға және дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған кандидаттарға осы қаулының қосымшасына сәйкес сайлау жарнасы қайтарылсын.
  2. ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімі сайлауына кандидат Амантаев Мақсат Бакарамұлы дауыс беру күніне дейін кандидат ретінде тіркеу туралы шешімінің күші жойылуына байланысты енгізген сайлау жарналары жергілікті бюджет кірісіне айналдырылсын.
  3. Осы қаулының орындалуы Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сарапшысы М.Бисеноваға және келісім бойынша Қармақшы ауданы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп және есептілік жөніндегі бас маманына (Ә.Қуанышов) жүктелсін.
  4. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                             Д. Ержанов

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                            Г. Жубаидаев

 

Жосалы кенті

21.05.2024 ж.

№АСК-24/73

 

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының

2024 жылғы 21 мамырдағы

№ АСК-24/73 қаулысына қосымша

 

 

 Сайлау жарнасы қайтарылатын Қармақшы ауданы Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімін сайлауының қорытындысы бойынша әкім болып сайланған және дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған кандидаттардың тізімі

 

Учаске нөмірі

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты

Дауыс %

№94, №95, №96, №97, №98, №99, №100 сайлау учаскелері

Досмуратов Алмасхан Арипханович

71,32%

Еркебаев Ерлан Мырзабекович

9,75%

Шәпи Нұржан Арыстанұлы

17,96%

№106 сайлау учаскесі

Жолмаханов Нурсултан Сабытбекович

25,47%

Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы

73,19%

№108 сайлау учаскесі

Ахметов Данияр Ертайұлы

13,86%

Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы

8,96%

Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы

76,49%

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 мая 2024