2024 жылғы 19 мамырында өткен Жосалы кенті және ІІІ интернационал, Ақжар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауларының қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

2024 жылғы 19 мамырында өткен Жосалы кенті әкімін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және Жосалы кенті әкімін сайлау қорытындыларын анықтау туралы Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 19 мамырдағы №79 хаттамалық шешімі негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жосалы кенті әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Досмуратов Алмасхан Арипханович Жосалы кентінің сайланған әкімі болып есептелсін.
  3. 2024 жылғы 19 мамырында өткен Жосалы кенті әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

  

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                           Д.Ержанов

 

 Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                            Г.Жубаидаев

 

Жосалы кенті

№АСК-24/70

20.05.2024 ж.

 

Қармақшы  ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының 2024 жылғы 20 мамырдағы

№АСК-24/70 қаулысына қосымша

 

2024 жылғы 19 мамырында өткен Жосалы кенті әкімін сайлаудың қорытындысы туралы ХАБАР

2024 жылғы 19 мамырда Қармақшы ауданы бойынша Жосалы кенті әкімінің сайлауы өткізілді.

Жосалы кенті әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №94, №95, №96, №97, №98, №99, №100 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жосалы кентінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

Жосалы кенті әкіміне 3 кандидат тіркеліп, бюллетенге енгізілді. Жосалы кенті бойынша сайлаушылар тізіміне 12540 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 8274 адам немесе 65,98 пайызы алды. Дауыс беруге 8274 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 70 сайлаушы дауыс берді. 41 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Жосалы кенті әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

Досмуратов Алмасхан Арипханович үшін дауыс беруге қатысқан сайлауышылар санынан – 5872 дауыс, Еркебаев Ерлан Мырзабекович  үшін – 803 дауыс, Шәпи Нұржан Арыстанұлы үшін – 1479 дауыс, барлығына қарсы – 79 дауыс берілді.  

Досмуратов Алмасхан Арипханович – Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің сайланған әкімі болып есептелінді.

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

2024 жылғы 19 мамырында өткен ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімін сайлау қорытындыларын анықтау туралы Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының             2024 жылғы 19 мамырдағы №80 хаттамалық шешімі негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Қалымбетов Жеткерген Қайржанұлы ІІІ Интернационал ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
  3. 2024 жылғы 19 мамырында өткен ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

 

Қармақшы ауданының аумақтық

Сайлау комиссиясының төрағасы                          Д. Ержанов

 

Қармақшы ауданының аумақтық

Сайлау комиссиясының хатшысы                           Г. Жубаидаев

 

Жосалы кенті

№АСК-24/71

20.05.2024 ж.

 

Қармақшы  ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының 2024 жылғы 20 мамырдағы

№АСК-24/71 қаулысына қосымша

 

2024 жылғы 19 мамырда өткен ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

2024 жылғы 19 мамырда Қармақшы ауданы бойынша ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №106 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ІІІ Интернационал ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

ІІІ Интернационал ауылдық округі әкіміне 2 кандидат тіркеліп, бюллетенге енгізілді. ІІІ Интернационал  ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне       1255 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 904 адам немесе 72,03 пайызы алды. Дауыс беруге 904 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 13 сайлаушы дауыс берді. 5 бюллетень жарамсыз деп танылды.

ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

Жолмаханов Нурсултан Сабытбекович үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 229 дауыс, Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы үшін – 658 дауыс, барлығына қарсы – 12 дауыс берілді.  

Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы – Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

2024 жылғы 19 мамырында өткен Ақжар ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және Ақжар ауылдық округі әкімін сайлау қорытындыларын анықтау туралы Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 19 мамырдағы №81 хаттамалық шешімі негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы Ақжар ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
  3. 2024 жылғы 19 мамырында өткен Ақжар ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                           Д. Ержанов

 

Қармақшы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                            Г. Жубаидаев

 

Жосалы кенті

№АСК-24/72

20.05.2024 ж.

  

Қармақшы  ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының 2024 жылғы 20 ақпандағы

№АСК-24/72 қаулысына қосымша

  

2024 жылғы 19 мамырында өткен Ақжар ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

2024 жылғы 19 мамырда Қармақшы ауданы бойынша Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Ақжар ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №108 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ақжар ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

Ақжар ауылдық округі әкіміне 3 кандидат тіркеліп, бюллетенге енгізілді. Ақжар ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 958 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 739 адам немесе 77,14 пайызы алды. Дауыс беруге 739 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 11 сайлаушы дауыс берді. 3 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Ақжар ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

Ахметов Данияр Ертайұлы үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 102 дауыс, Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы үшін – 66 дауыс, Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы үшін – 563 дауыс, барлығына қарсы – 5 дауыс берілді.  

Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы – Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 мая 2024