2024 жылғы 19 мамырда Қармақшы ауданы, Жосалы кенті әкімінің сайлауы өткізілді.
Жосалы кентінің әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №94, №95, №96, №97, №98, №99, №100 учаскелік сайлау комиссияларының және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамасы негізінде Жосалы кентінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 12540 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 8233 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 70 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 41.
Кент әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам тіркеліп, бюллетенге енгізілді.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Доcмуратов Алмасхан Арипханович үшін 5872 дауыс, кандидат Еркебаев Ерлан Мырзабекович үшін 803 дауыс, кандидат Шәпи Нұржан Арыстанұлы үшін 1479 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен 79 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Досмуратов Алмасхан Арипханович Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің әкімі болып сайланды.
Досмуратов Алмасхан Арипханович 1986 жылы туған, ұлты қазақ, «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кент әкімінің орынбасары, Жосалы кентінде тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылған.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 20 мамырдағы шешімімен 2024 жылғы 19 мамырда сайланған Жосалы кенті әкіміне Досмуратов Алмасхан Арипхановичті тіркеді.
ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №106 учаскелік сайлау комиссиясының және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде ІІІ Интернационал ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1255 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 899 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 13 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 5.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 2 адам тіркеліп, бюллетенге енгізілді.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Жолмаханов Нурсултан Сабытбекович үшін 229 дауыс, кандидат Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы үшін 658 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен 12 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы 1984 жылы туған, ұлты қазақ, «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысының орынбасары, Жосалы кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 20 мамырдағы шешімімен 2024 жылғы 19 мамырда сайланған ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкіміне Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлын тіркеді.
Ақжар ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №108 учаскелік сайлау комиссиясының және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Ақжар ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 958 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 736 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 11 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 3.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам тіркеліп, бюллетенге енгізілді.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Ахметов Данияр Ертайұлы үшін 102 дауыс, кандидат Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы үшін 66 дауыс, кандидат Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы үшін 563 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен 5 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы 1967 жылы туған, ұлты қазақ, Ақжар ауылдық округінің әкімі, Ақжар ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылған.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 20 мамырдағы шешімімен 2024 жылғы 19 мамырда сайланған Ақжар ауылдық округінің әкіміне Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызын тіркеді.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы