«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12) тармағының төртінші бөлігіне және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 29 сәуірдегі №74 хаттамалық шешімі негізінде, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №108 учаскелік сайлау комиссиясына Әубәкірова Қарлығаш Камаладинқызы, Арықбаева Асылкүл Мұханбетқалиқызы, Лекерова Жанат Қисыққызы 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне уақытша комиссия мүшесі болып сайлансын.
- Осы қаулы №108 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
- Осы қаулының орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.