«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағы 8-тармақшасының екінші бөлігіне және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 07 мамырдағы №77 хаттамалық шешімі негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімін сайлауда Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 25 сәуірдегі №69 хаттамалық шешімімен ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкіміне кандидат болып тіркелген Амантаев Мақсат Бакарамұлының тіркеудің күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.А.Жубаидаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясына, Қармақшы ауданының №106 учаскелік сайлау комиссиясына жіберілсін және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.