№95 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауын тоқтата тұру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабтың 6) тармағына сәйкес, 2024 жылдың 19 мамырында өтетін Жосалы кентінің әкімі сайлауында Қармақшы ауданының №95 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ә.Бүркітбаеваның өтінішін негізге алып, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бүркітбаева Әсем Бердібекқызы №95 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауын 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Жосалы кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтата тұрсын.
2. Осы қаулы №95 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.

Дата публикации
07 мая 2024