Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №110 «2024-2026 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №110 «2024-2026 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 148 286,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 6 198 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 244 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 49 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 141 795,4 мың теңге;

2) шығындар – 148 606,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -319,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 319,8 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 319,8 мың теңге»;

жаңа мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:

«4-1. 2023 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,5 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
04 мая 2024