№98 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының міндеттерін орындауын тоқтата тұру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12) тармағының екінші бөлігіне сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 25 сәуірдегі Жосалы кентінің әкімі сайлауында Еркебаев Ерлан Мырзабекович кандидат ретінде тіркеу туралы қауылысына және №98 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Г.М.Еркебаеваның өтінішін негізге алып, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Еркебаева Гүлзира Мұрабекқызы №98 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы міндеттерін орындауын 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Жосалы кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтата тұрсын.
  2. Осы қаулы №98 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
Дата публикации
30 апреля 2024