2024 жылдың 19 мамырына тағайындалған Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімдерін сайлауда әкім болуға кандидаттың жергілікті бюджеттен өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 қаңтардағы №3/4 қаулысын басшылыққа алып Қармақшы ауданының Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімдерінің 2024 жылғы  19 мамырға тағайындалған сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТІДІ:

  1. Жосалы кенті әкіміне кандидаттың жергілікті бюджеттен өтелетін шығыстарының мөлшері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округі әкіміне кандидаттың жергілікті бюджеттен өтелетін шығыстарының мөлшері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
Дата публикации
29 апреля 2024