«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9 –тармағына сәйкес Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына кандидаттар болып тіркелді:
Жосалы кенті бойынша:
- Еркебаев Ерлан Мырзабекович – 1984 жылы туған. Қазақ. Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Досмуратов Алмасхан Арипханович – 1986 жылы туған. Қазақ. Жосалы кенті әкімінің орынбасары. Жосалы кентінде тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған. «AMANAT» партиясының мүшесі.
- Шәпи Нұржан Арыстанұлы – 1989 жылы туған. Қазақ. Қармақшы ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Ақжар ауылдық округі бойынша:
- Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы – 1992 жылы туған. Қазақ. Ақай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Ақай ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Ахметов Данияр Ертайұлы – 1987 жылы туған. Қазақ. Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Ақтөбе ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы – 1967 жылы туған. Қазақ. Ақжар ауылдық округінің әкімі. Ақжар ауылында тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған. «AMANAT» партиясының мүшесі.
ІІІ Интернационал ауылдық округі бойынша:
- Амантаев Мақсат Бакарамұлы – 1981 жылы туған. Қазақ. Қармақшы ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы. Қармақшы ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Жолмаханов Нурсултан Сабытбекович – 1992 жылы туған. Қазақ. Қармақшы ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы – 1984 жылы туған. Қазақ. Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары. Жосалы кентінде тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі. Өзін-өзі ұсынған.