«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы, Ахметов Данияр Ертайұлы, Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы Ақжар ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелсін.
2. Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы, Ахметов Данияр Ертайұлы, Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы Ақжар ауылдық округі әкіміне кандидаттар куәлігі берілсін.
3. Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы, Ахметов Данияр Ертайұлы, Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы Ақжар ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.