2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімін сайлауда кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2 және 113-4-бабтарына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық округі әкіміне кандидат Ефенов Рустам Сактаганович «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес емес деп анықталсын.
Дата публикации
24 апреля 2024