Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 маусымдағы №68 «Қармақшы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы
1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес Қармақшы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қармақшы ауданы әкімдігінің «Қармақшы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2022 жылғы 28 маусымдағы №68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №169415 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
23 апреля 2024