2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің әкімін сайлауда кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2 және 113-4-бабтарына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің әкіміне кандидат Шәпи Нұржан Арыстанұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
2. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.

ской области.

Дата публикации
20 апреля 2024